20
апрель
2020
Ұстаздар қауымына ата-аналар атынан алғыс
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, Қазақстанның барлық білім беру жүйесі 6 сәуірден бастап қашықтан оқуға көшті. Әрине, бұл күтпеген жағдай болды. Десек те, барлық мектеп мұғалімдері өз жұмыстарын адал атқарып жатыр. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» –деген ұлы Абай. Әрбір ұстаздың оқушыларға берген тәлім-тәрбиесі, үлгі-өнегесі өлшеусіз.Осындай ұстаздардың толассыз еңбектерін ескере отырып, «Қасым Қайсенов атындағы №4орта мектептің» барлық ұстаздарына және 3 «А» сынып жетекшісі Жадыра Батырбекқызына ата-аналар атынан ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді.Ұстазымыз қашықтан оқудың қиындығына қарамастан әр баланың қабілетін ескеріп, тапсырмаларды жеңіл әрі түсінікті етіп бере білді.Оқушылар мен ата -аналардың тілін таба білген ұстазға еңбегіңіз жемісті әрі табысты болсын дейміз.
https://www.facebook.com/100015829629516/videos/734217567115891/
https://www.facebook.com/100015829629516/videos/734217567115891/