Конкурс туралы хабарландыру » №4 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8(72772)4-46-49
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Конкурс туралы хабарландыру
06
октябрь
2023

Конкурс туралы хабарландыру

КОНКУРСҚА
ХАБАРЛАНДЫРУ!
«Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 
келесі бос, уақытша бос тұрған орындарға конкурс жариялайды:
1. Қазақ, орыс тіліндерінде оқытатын сыныптардағы информатика пәні мұғалімі - 1 бос орын;
2. Орыс тілінде оқытатын сыныптардағы физика пәні мұғалімі - 1 бос орын;
3. Орыс тілінде оқытатын сыныптардағы химия пәні мұғалімі - 1 уақытша бос орын;
4. Орыс тілінде оқытатын сыныптардағы география тілі пәні мұғалімі - 1 уақытша бос орын;
5. Орыс тілінде оқытатын сыныптардағы бастауыш сынып мұғалімі - 1 бос орын;
6. Қазақ, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы педагог-ассистент - 2 бос орын;
7. Қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы әскери тәрбиеші - 2 бос орын; 

Педагог біліктілігіне қойылатын талаптар:
•тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық және кәсіптік білімі;
•біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған жағдайда педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
•біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, педагог біліктілігіне қойылатын талаптар:
1) "педагог":
•оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі;
•білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады,
•білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді,
•білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады;
2) "педагог-модератор":
•"педагог" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
•оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;
3) "педагог-сарапшы":
•"педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
•ұйымдастырылған оқу қызметтерін талдау дағдыларын меңгерген,
•конструктивті және тәлімгерлікті іске асырады, білім беру ұйымдары деңгейінде жекелей немеесе ұжым болып кәсіби дамыту басымдықтарын анықтайды:
•қала/өңір деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;
•облыстың, елдің телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген бейне-, телесабақтар дайындау (бар болған жағдайда);
4) "педагог-зерттеуші":
•сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген;
•білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді;
•оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді;
•облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
•кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар;
•"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болып табылады;
•ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), облыстың (бар болса) деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асырады және даму стратегиясын сындарлы айқындайды;
•тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтерге арналған семинарларды, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
•Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы) "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіреді (болған жағдайда);
•еліміздің, облыстың телевидениесінде трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне-телесабақтар дайындады (болған жағдайда);
•интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;
5) "педагог-шебер":
•"педагог-зерттеуші" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
•Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламасы бар немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (бірлескен авторы) болып табылады немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылар құрамына кіреді немесе уорлд скилс (WorldSkill) (кәсіби шеберлік конкурсы) чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша тренер болып табылатын адамдар;
•республикалық немесе халықаралық кәсіби конкурстардың жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық деңгейлердегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жүлдегерлерін немесе жеңімпаздарын дайындаған;
•"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болып табылады;
•интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;
•тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс, республика деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды (болған жағдайда);
•Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар (болған жағдайда);
•республика деңгейінде тәжірибе жинақтайды, тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары педагогтерге арналған семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
•еліміздің, облыстың телевидениесінде трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған (болған жағдайда) бейне -, телесабақтар дайындаған.

Білім беру ұйымының педагогінің лауазымдық міндеттері:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
- білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
- білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
- пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
- бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
- журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;
- оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
- оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
- оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
- инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
- арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
- интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
- әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
- ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
- ата-аналарға кеңес береді;
- кәсіби құзыреттілікті арттырады;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
- білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
- ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
- тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге тиіс:
•Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
•оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
•педагогика мен психология;
•пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
•педагогикалық этиканың нормалары;
•оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
•құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
•еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Лауазымдық жалақының мөлшері:
Еңбек сіңірген жылдарына, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты.

Конкурсты өткізу күні мен орны: Алматы облысы, Қонаев қаласы, Орта мектеп-гимназия. Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады.  

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны: Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2023 жылдың  09 - 13 қазан күндері аралығында өткізіледі! Қажетті құжаттарды қағаз түрінде өткізу қажет.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды жолдайды:
1) осы Қағидаларға 
10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). Денсаулық жағдайы туралы №086 нысан.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) соттылығы болмағандығы туралы анықтама;
10) жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме (бар болса);
11) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
12) 
№11 қосымшаға сәйкес бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған бағалау парағы1;
13) Әскери билет2 (дене шынықтыру пәнінен беретін ер мұғалімдер);
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.


1* Конкурсқа қатысушы мұғалім №11 қосымшаға сәйкес өзін-өзі бағалайды!
2* Дене шынықтыру пәні мұғалімінде әскери билеті болған жағдайда, әскери тәрбиеші ретінде жұмысқа орналасуға болады.


Жоғарыда көрсетілген құжаттарды директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасарына тапсыру қажет! 

Бақылаушының конкурс комиссиясының отырысына қатысуы:
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес бақылаушылар шақырылады.

Пошталық мекен-жайы: индексі: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Орта мектеп-гимназия. 
Электрондық адресі: shkola4.kapchagay@mail.ru
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив