Қамқоршылық кеңестің 2019-2020 оқу жылы бойынша атқарған жұмысы » №4 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8(72772)4-46-49
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңестің 2019-2020 оқу жылы бойынша атқарған жұмысы
10
июль
2020

Қамқоршылық кеңестің 2019-2020 оқу жылы бойынша атқарған жұмысы

«Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп» МКМ-нің Қамқоршылық кеңесінің 2019-2020 оқу жылы бойынша атқарған жұмысы

    Алматы облысы Қапшағай қаласы «Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп» МКМ-де Қамқоршылық кеңесі жұмысы 2017 жылдың 08 қыркүйегінен бастап құрылған, құрамында 15 адам сайланып, бекітілген. 2019-2020 оқу жылына «Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп» МКМ-нің Қамқоршылық Кеңесінің жұмыс жоспары құрылды. Қамқоршылық  Кеңесінің жұмыс отырыстары тоқсанына бір рет өткізілді. 
2019 жылдың қыркүйек айында Қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.А.Абдусаламов 2018-2019 оқу жылы бойынша атқарған жылдық жұмысына есеп берді. 
  2019-2020 оқу жылының тамыз – қыркүйек айларында жылсайынғы «Жүректен жүрекке» ұранымен өтетін «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, азқамтылған, көпбалалы отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында Қамқоршылық кеңесінің мүшелері іс-шараға ат-салысып, демеушілер, ата-аналар, ұстаздар тарапынан киім-кешек, мектеп, спорттық формасы, рюкзак, кеңсе тауарлары түрінде көмек берілді.    Жаңа жылдық мерекесі қарсаңында қала әкімінің жаңа жылдық шыршасына жоғарыда аталған категорияға кіретін оқушылар қатыстырылды және демеушілер ұйымдастырылған Жаңа жылдық шыршасына басқа да оқушылар жіберілді. 
Мектепшілік спортты дамыту, дарынды балаларды қолдау мақсатында 2020 жылдың 18 қаңтар күні «Жас полиция» кадет сыныптарының 1 жыл толуына байланысты Қамқоршылық кеңесінің мүшелері ұйымдастыру жұмыстарына атсалысып, жоғары деңгейінде өткізілгеніне өз үлестерін қосты.
     2020 оқу жылының қаңтар-ақпан айларында Республикалық «Қайырымдылық» акциясы шеңберінде мектептегі оқушыларға, оның ішінде жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету, мектепшілік спортты дамыту, дарынды балаларды қолдау мақсатында қамқоршылық кеңесінің ұйымдастыруымен және мектептің ата-аналарының, ұстаздардың көмегімен және демеушілер тарапынан жоғарыда аталған категорияға жататын аз қамтылған отбасы балаларына киім-кешек, азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. 
   Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның  таралуының алдын алу үшін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20 қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 16 наурыздан карантин жарияланды. Барлық орта білім беру ұйымдарында көктемгі демалыс 2020 жылдың 16 наурыздан бастап 5 сәуірді қоса алғанда белгіленді. Яғни, оқушылар көктемгі демалысқа шықты. 
Осыған орай және тұрғындар арасында індеттің таралмау мақсатында, карантин кезінде қатаң санитарлық талаптарды сақтау мақсатында Қамқоршылық кеңесінің жұмысы әрі қарай мүмкіндігінше қашықтықтан атқарылатын болды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив