1 қыркүйек - Білім күні » №4 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8(72772)4-46-49
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек - Білім күні
01
сентябрь
2020

1 қыркүйек - Білім күні

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының, мұғалімдері мен ата-аналарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында жаңа оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі білім күні 2020-2021 оқу жылында сынып сағаты түрінде өткізілді. Сонымен бірге оқушылар үшін қашықтық форматта қол жетімді құрылғылар мен байланыс құралдары (синхронды немесе асинхронды форматта білім беру ұйымдары қолданатын платформаларда) арқылы қашықтық форматта сынып сағаты ұйымдастырылды.
 Оқушылар үшін жүйелі түрде қашықтықтан және «кезекші сабақтарда» - күндізгі форматта (сынып ішінде сынып сағаты түрінде) өтті.
Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері оқушылар мен олардың ата-аналарына білім күнінің форматы және санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы хабарланды.
 Білім күні ұсынылған тақырыптар бойынша сынып сағаттары өтті: «Ұлы Абай», «Абай - дара, Абай - дана» (Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына), «Әл-Фараби мұрасы» (ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына), «Біз денсаулықты таңдаймыз».
 1-11 сынып оқушыларын 1 қыркүйек - білім күніне арналған
«Білімді ұрпақ – жарқын болашақ» салтанатты мерекесімен мектеп директоры Толендина Замзагүл Нәбиқызы, қамқоршылық кеңесінің мүшесі Көптілеуов Айжарық Бақтыбайұлының құттықтау сөзімен басталып, сынып жетекшілердің сынып сағаттарымен жалғасты.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив