Қазақстан Республикасының рәміздері » №4 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8(72772)4-46-49
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының рәміздері
13
сентябрь
2021

Қазақстан Республикасының рәміздері

«ҚР Мемлекеттік рәміздері  туралы» ҚР Заңының орындалуы бойынша

2021-2022 оқу жылына  арналған іс-шаралар

  1. 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін насихаттау жұмысының орындалуы, іс-шаралардың өту деңгейі туралы есеп.
  1. 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссиясын бекіту туралы.


2020-2021 оқу жылында «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуына байланысты және оқушыларға патриоттық, азаматтық тәрбие беру мақсатында «Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп» МКМ-де «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Заңының орындалуына арналған іс-шаралардың өту деңгейін бақылайтын комиссия құрылды.

Тарих кабинеті (№28), алғашқы әскери дайындық кабинеті (№34), (№29,30,31) қазақ тілі кабинеттерінде «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңының ережесіне сәйкес бұрышы жасалынды. «Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп» МКМ-де «ҚР Мемлекеттік Рәміздері  туралы» ҚР Заңының орындалуына байланысты және оқушыларға   патриоттық, азаматтық  жылдық жоспар құрылып, үнемі сынып сағаттарында мемлекеттік Рәміздері насихатталды. Соған байланысты спорттық іс-шаралар, викториналар, сауалнамалар алынды.

          Қыркүйек айында сынып жетекшілері ҚР мемлекеттік Рәміздерінің тарихы туралы сынып  сағаттары өткізілді.

Қазан  айында сынып жетекшілер, қазақ тілі, орыс тілі пәнінің мұғалімдері ҚР мемлекеттік Рәміздері  туралы диктант жазғызды.

Қараша  айында ҚР мемлекеттік рәміздері  туралы тестілеу, 9-11 сыныптар  арасында «ҚР Мемлекеттік рәміздері» атты тәрбие сағаты, 8-9 сыныптар арасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздерінің тарихы» туралы әңгімелесулер өткізілді.

         Желтоқсан айында тарих пәнінің мұғалімі Д.Штанько «ҚР Конститутциясының мемлекеттік Рәміздерінің тарихын зерделеу» тақырыбына баянат оқыды. Тарих пәнінің мұғалімі Б.Т Симтикбаева 4-5 сыныптар арасында Мемлекеттік Рәміздерді білу туралы викториналық сайысын  өткізді.

         Ақпан айында география пәнінің мұғалімі А.Тусупжанова 5 «Б», «В» сыныптар  арасында   «ҚР Рәміздері- ел мақтанышы» тақырыбында викторина, тарих пәнінің мұғалімі М.Садуақас 10-11 сыныптар арасында «ҚР Рәміздері – ел мақтанышы» тәрбие  сағатын, 1-11   сынып жетекшілері, қазақ тілі, орыс тілі пәнінің мұғалімдері 1-11 сыныптар арасында «Туған елінің мемлекеттік Рәміздеріне және жетістіктеріне»  сынып сағаттарын өткізді.

Наурыз айында 5-8 сынып жетекшілер, қазақ тілі, орыс тілі пәнінің мұғалімдері 5-8 сыныптар арасында «ҚР мемлекеттік Рәміздері туралы» диктант, эссе жазды, тест өткізілді.

Сәуір айында 9-11 сыныптар  арасында «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» эссе жазып, тест өткізілді.

2019-2020 оқу жылында салтанатты іс-шараларда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары сынып сағаттарында, мерекелерде «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» бейнефильмдерді көрсетіліп, құрметтеуге дәріптеді.

Жыл бойы сынып жетекшілер, қазақ тілі, орыс тілі пәнінің мұғалімдері мемлекеттік  мекемелерде, мемлекеттік іс-шараларда ҚР Гимнін ҚР мемлекеттік Гимні орындалды.

Елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, әрбір бөлшегіндегі ұлттық символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру жұмыстары жыл бойы жүргізілді.

2.2021-2022 оқу жылында  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 04 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 01 қазандағы №862 қаулысымен бекітілген Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесінің 2 тармағына сәйкес тұрақты жұмыс істейтін комиссиясын құрамын қайта сайлап, бекіту қажет.

Комиссия құрамының мүшелері ұсынылып, дауысқа салынып, төмендегі комиссия құрамы анықталды.

Комиссия төрайымы: 

Мектеп директоры - З.Толендина.

Комиссия мүшелері:

Директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Г.Амангельды.

Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Ф.Тулепова

Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – А.Байгуланова

Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары – Е.Мухамеджанов.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі – Б.Бимуратов.

Хатшы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Ж.Кабиева.

2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін насихаттау жұмысының орындалуы, іс-шаралардың жоғары деңгейде өту жұмыстары орындалып, қадағаланады.

ҰСЫНЫС:

  1. Ақпарат назарға алынсын.
  2.  ҚР мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті болып табылсын.
  3.  ҚР «Мемлекеттік Рәміздері туралы» үнемі сынып сағаттарында, спорттық іс-шаралар, викториналар, сауалнамалар алынып, іс-шараларда мемлекеттік Рәміздер насихатталсын.

             2.1. 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік    Елтаңбасын ауыстыру және жою жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссиясы бекітілсін.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ф.Тулепова







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив