Ата-аналар жиналысы » №4 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8(72772)4-46-49
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-аналар жиналысы
06
сентябрь
2021

Ата-аналар жиналысы

«Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп» МКМ-нің 

мектепшілік ата-аналар жиналысының 

№1 хаттамасы


06.09.2021жыл

Қатысқандар:

Мектеп директоры – З.Н.Толендина

Оқу ісі жөніндегі орынбасарлары – А.А. Каниева, Г.Н.Амангельды

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары – Ф.Қ.Тулепова, А.К.Байгуланова

Ғылыми әдістеме ісі жөніндегі орынбасарлары – М.Сарсабекова, Д.Нақыпбай, Д.Нагимова

Мектеп психологтары – Г.Т.Садирова, А.К. Нуракбаева

Әлеуметтік педагог – Ә.Ә.Оман

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы мен мүшелері - 11

Жалпы мектепішілік 1-11-сыныптардың ата-аналар комитетінің төрағалары мен мүшелері -59

Қапшағай ҚПБ ЖПҚ ЮПБ-нің аға инспекторы полиция майоры Г.Турлина

Оқушылардың ата-аналар саны – 82


КҮН ТӘРТІБІНДЕ  

  1. Мектептің ішкі тәртіп ережесімен қызметкерлердің , әкімшілік мүшелерінің қызметтік міндеттерін бекіту туралы. Ата-аналар мен оқушылардың арасындағы байланыс. Мектеп директоры - З.Н.Толендина
  2. 2021-2022 ж. сынып комплектісі мен мұғалімдердің апталық жүктемесі және типтік оқу жоспарларын  бекіту. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - А.А. Каниева 
  3. «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқыту ерекшеліктері туралы». Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары -  М.Сарсабекова
  4. «Ата-аналармен балалар арасындағы қарым – қатынас».  Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Ф.Қ.Тулепова
  5. 2021-2022 оқу жылындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - А.К.Байгуланова
  6. «Мектепке жол» акциясы. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету. Әлеуметтік педегог -  Ә.Ә.Оман


 Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша:

 Мектеп директоры З.Н.Толендина сөз алды. Сабақты оқытудың мақсаттары бойынша сенбі және жексенбі күндері кеңес беру кестесіне сәйкес сабақ экскурсиялары   ұйымдастырылса нәтижелі сабақ болатынына сенімім мол. Білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін біріктіруге болатын оқу мақсаттары барлық пәндер бойынша мысал ретінде ұсынылды. Ендігінде сабақтарыңызда кеңінен қолданылып өз нәтижесін бірлестік отырыстарыңызда қарап бөлісіңіздер. 

Ата-аналармен оқушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас болуы тиіс . Оқушылардың  психологиялық өзгерістерін мектеп, ата-ана тікелей бақылауда ұстау керек . Сол мәселеге байланысты мектеп психологтары , сынып жетекшілер адамгершілік тәрбие сағаттарын жүргізсін. 

Екінші мәселе бойынша: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - А.А. Каниева сөз алды. ҚР білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығы ҚР Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 наурызда № 22418 болып тіркелді. 1-9 сыныптар 20.08.2021 № 415 бұйрық 

11-сыныптар 8.11.2012 № 500 бұйрық

11- орыс сыныбы № 125 бұйрық

11- қазақ сыныбы № 500 бұйрықпен 

оқытылады . 

2021-2022 оқу жылында 10-сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші бойынша қабылданды. 

1-сыныптарға, 2 қазақ сыныбы, 3 орыс сыныбы барлығы 134 оқушы қабылданды. 

10 « Ә» сыныбында жаратылыстану- математика бағытта 17 оқушы,

10 «А» сыныбында жаратылыстану-математика  бағытта 21 оқушы қабылданды. 

  1.  жылында үйден оқитын 15 оқушының құжаттары 

1-қыркүйектн бекітілді. 2021-2022 оқу жылында инклюзивті балалардың құжаттары 1-қыркүйекке дейін толықтырып , 11 оқушының тізімі бекітілді.

Үшінші мәселе бойынша: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - А.А. Каниева сөз алды. 2021-2022 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұймдарында оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатқа шолу жасады. 2021-2022 оқу жылындаға тәрбие процессінің ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталып өтті. 

- Білім алушылардың оқу жүктемесін азайту ;

- 1-сыныптарға « Әліппе», « Ана тілі », « Букварь», « Обучение грамоте», « Цифрлық сауаттылық» пәндерін енгізу;

- Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру; 

- Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру;

- «Жазғы мектеп » есебінен оқыту мерзімін 20-маусымға дейін ұзарту ;

- Міндетті формативті бағалау ;

- Сабақ ұзақтығы 45 минут;

- 5-11 сыныптар аралығында « Жаһандық құзыреттіліктер » таңдау курсын немесе басқа курстарды еңгізу ;

- Мектептердің таңдау бойынша « Музыка » оқу бағдарламасының шеңберінде  оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 6-сыныпта домбыра тартуды үйрету ;

- 2021-2022 оқу жылының басында мектеп әкімшілігіне барлық пәндер бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізу ұсынылды ;

- БЖБ және ТЖБ-ның жүргізілуін бекітілген кесте бойынша тексеріледі;

Төртінші мәселе бойынша: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Ф.Қ.Тулепова сөз алды.

Ата-аналарды түрлі әрекеттердің көмегімен оқу-тәрбие процесіне қатыстыру:

  • Балалар мен ата-аналардың шығармашылық күнін ұйымдастыру
  • Ашық сабақтар мен сыныптар тыс іс-шаралар, мектеп кеңесі жұмысына тарту, мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейтуде және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруда көмек көрсету.

Ата-аналар белсенділері, ата-аналардың қамқоршылық кеңестері мен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара байланыс. Сонымен бірге, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің бір түрі – ата-аналар университетінің жұмысын жолға қою.

Бесінші мәселе бойынша: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – А.Байгуланова сөз алды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі туралы жалпы ережеге тоқталып өтті :

1. Кеңес құрылымы мен ұйымдастыру жұмыстары;

2. Арнайы жеке алдын алу жұмыстарын тұлғалар тобы;

3. Кеңес жұмысының түрлері мен мазмұны;

4. Кеңес құқықтары мен міндеттері;

5. Кеңес құжаттары;

6. Кеңес жұмысының регламенті;

Осы аталған жалпы ережелер таныстырылып, толықтай  қажетті мәліметтер берілді. 2021-2022 оқу жылында құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің құрамына төмендегі тұлғалар ұсынылды. Олар:

1.Мектеп директоры   З.Н. Толендина – құқық бұзушылық кеңесінің төрағасы

2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -А.К.Байгуланова 

3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -Ф.К.Тулепова 

4. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы - Д.В. Никитенко

5. Әлеуметтік педегог -  Ә.Ә.Оман

6. Мектеп психологтары - Г.Т. Садирова,  А.К.Нуракбаева

7. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, тәрбиеші - Б.К.Бимуратов 

8. Мектепшілік оқушылардың Парламентінің Президенті - Д.Б.Ирсалиева 

9. Кеңес құрамының хатшысы - Г.Ж.Абдраманова 

Алтыншы мәселе бойынша: Әлеуметтік педегог -  Ә.Ә.Оман сөз алды.

Мектебімізде 2021 жылдың тамыз айында демеушілер тарапынан 

«Мектепке жол» акциясы бойынша төмендегі оқушыларға көмек көрсетілді.

Жалпы мектеп бойынша 12 оқушыға 139 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Сонымен бірге 1-11 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы тоқталып өтті. Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы және 2018 жылғы 13-желтоқсан күнгі № 684 жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылармен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушылар тегін ыстық тамақпен жалпыға бірдей білім беру қорынан 105 оқушы, асхананы жалға алушы тарапынан 20 оқушы қамтылып отыр. 

Ұсыныс:

Ата-аналар комитетінің мүшесі Дүйсенбаев Ермек жоғарыда айтылған  сұрақтар бойынша шешім қабылдауды ұсынды.

ШЕШІМІ:

  • Мектептің ішкі тәртіп ережесімен қызметкерлердің , әкімшілік мүшелерінің қызметтік міндеттерін бекітсін. Ата-аналар мен оқушылардың арасындағы байланысты қаралсын
  • 2021-2022 ж. сынып комплектісі мен мұғалімдердің апталық жүктемесі және типтік оқу жоспарларын  бекітсін 
  • Ата-аналармен балалар арасындағы қарым қатынас
  • 2021-2022 оқу жылындағы құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шаралары бекітілсін .
  • «Мектепке жол» акциясы. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етілсін . 


Мектеп директоры                                                        З.Н.Толендина

Хатшысы                                                                         М.У. Сақтапбергенова



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив