Жалпы мектепішілік кезектен тыс ата-аналар жиналысы » №4 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8(72772)4-46-49
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалпы мектепішілік кезектен тыс ата-аналар жиналысы
23
октябрь
2021

Жалпы мектепішілік кезектен тыс ата-аналар жиналысы

«Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп» МКМ-нің 

Кезектен тыс жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысының 

№2 хаттамасы


23.10.2021жыл

Қатысқандар:

Мектеп директоры – З.Н.Толендина

Оқу ісі жөніндегі орынбасарлары – А.А. Каниева, Г.Н.Амангельды

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары – Ф.Қ.Тулепова, А.К.Байгуланова

Ғылыми әдістеме ісі жөніндегі орынбасарлары – Д.Нақыпбай, Д.Нагимова

Мектеп психологтары – Г.Т.Садирова, А.К. Нуракбаева

Әлеуметтік педагог – Ә.Ә.Оман

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы мен мүшелері - 11

Жалпы мектепішілік 1-11-сыныптардың ата-аналар комитетінің төрағалары мен мүшелері -59

Қапшағай ҚПБ ЖПҚ ЮПБ-нің аға инспекторы полиция майоры Г.Турлина

Оқушылардың ата-аналар саны – 89


КҮН ТӘРТІБІНДЕ


1. Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол салудың алдын алу жұмыстары


Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі «Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол салудың алдын алу жұмыстары» атты тақырыпта Қамқоршылық кеңес мүшелеріне кезектен тыс отырыс өткізді. Сөз кезегін мектеп директоры З.Н.Толендина алып, отырыс барысында таныстрылып отырған тақырып негізінде баяндама жасалды.   Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіншежер шарында 40 секунд сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсайдыӨкініштісіәлем бойынша Қазақстан өз-өзіне қол салу фактісі бойынша үшінші орын аладыБіздің заманда мұндай жағдайлардың орын алуы күннен-күнге көбейіп барады, әсіресе балалар арасында. Жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау  тек ата-аналар мен ұстаздарды ғана үрейлендіріп қоймайды, барлық елді алаңдатуда. Бірақ өмірдің өзі балалардың өз-өзіне қол жұмсауы мен оның алдын-алу туралы білімнің маңыздылығын көтеруге тура келіп тұр.Кейінгі кездері Қазақстанда оқушылар арасында бұл мәселе кең  орын алып жатыр. Сондай жағдай 20 қазан күні біздің мектептің 8 «Д» оқушысы өз-өзіне қол жұмсауы орын алды.   

Қаралған мәселе негізінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ф.Тулепова сөйледі:

«Жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жан дүниесін түсінуіміз қажет, өйткені баланың алғашқы қадамы отбасында, мектепте жора-жолдастарымен ата-анасының арасында жасалады» - деп өз пікірін білдірді. 

Жалпы мектепішілік ата-аналар комитетінің төрағасы А.Б. Коптлеуов сөз алды: 

«Жасөспірімдердің дамуы мен мінез- құлқына кері әсерін тигізетін әлеуметтік педагогикалық факторларға мыналарды жатқызуға болады: олар мектептік, отбасылық , қоғамдық  тәрбие. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және балаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді және қоғамдағы өтіп жатқан үдерістерге, отбасының жағдайына тәуелділігін көрсетеді.»

Мектеп психологі А.Нуракбаева сөз алды:

Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. Атап айтқанда, ересектер тарапынан баланың саналы деген талап – тілек , мұқтаждықтарын өнегелі тұрғыдан ескермеу, олардың жас мөлшері мен балалық психологиясына көңіл бөлмеу сияқты кемшіліктерден болып жатады. 

Отбасындағы қандай , қай жастағы бала болсын онымен санасып , оның жеке ерекшелігін ескеріп, ақылдасып отырған  мақұл.   Жеткіншек бала өзінің өмір тәжірбиесінің аздығына , білімінің әлі таяздығына қарамай « ересектерден кем білмеймін, қолымнан бәрі келеді »- деп есептейді. Баланың осы кездегі ерекшелігін педагогикалық талапқа сай басқара білмеген адамның баласы опық жейтін оқиғаға баруы мүмкін. 

Ата-аналарға кеңес:

  • Ата-ана қабылдаушы және қамқоршы болуы керек;
  • Адамда қайғылы жағдайлардың болатынын түсіндіру;
  • Қайғылы жағдайды қажеттілігіне байланысты жиірек талқылап отыру;
  • Психологиялық қолдау жүйесі жөнінде ақпарат беру;
  • Маңыздылығы аз детальдарға да зейін аудару;
  • Шығу жолдарына байланысты ақыл айту ;
  • Жағымды эмоцияларды көрсету ( жасанды түрде шығаруға болады ) 

 ШЕШІМ:

  1. Жасөспірімдер арасында кең орын алып жатқан  өз-өзіне қол жұмсау мәселесі басты назарға алынсын. 
  2.  Мектеп психологтары суицидтің алдын-алу жұмыстарын жандандырып,   ерекше назарға 5-11 сыныптар оқушылары алынсын.
  3. С.Манатовтың отбасына мектеп тарапынан психологиялық көмек көрсетілсін.
  4. Сынып жетекшілер мен мектеп психологтары ата-аналарға арналған суицидтің алдын-алу бойынша жадынамалар таратылсын.
  5. Сынып жетекшілер және ата-аналар тарапынан тыйым салынған сайттар үнемі қадағалауда болсын. 


Мектеп директоры                                                        З.Н.Толендина

Хатшысы                                                                        М.У. Сақтапбергенова



















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив