Жалпы мектепішілік та-аналар жиналысы » №4 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8(72772)4-46-49
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалпы мектепішілік та-аналар жиналысы
06
ноябрь
2021

Жалпы мектепішілік та-аналар жиналысы

«Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп» МКМ-нің 

жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысының 

№3 хаттамасы


06.11.2021 жыл


Қатысқандар:

Мектеп директоры – З.Н.Толендина

Оқу ісі жөніндегі орынбасарлары – А.А. Каниева, Г.Н.Амангельды

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары – Ф.Қ.Тулепова, А.К.Байгуланова

Ғылыми әдістеме ісі жөніндегі орынбасарлары – Д.Нақыпбай, Д.Нагимова

Мектеп психологтары – Г.Т.Садирова, А.К. Нуракбаева

Әлеуметтік педагог – Ә.Ә.Оман

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы мен мүшелері - 11

Жалпы мектепішілік 1-11-сыныптардың ата-аналар комитетінің төрағалары мен мүшелері -59

Қапшағай ҚПБ ЖПҚ ЮПБ-нің аға инспекторы полиция майоры Г.Турлина

Оқушылардың ата-аналар саны – 89


Тақырыбы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»

Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу.


КҮН ТӘРТІБІНДЕ

1. «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудағы отбасының рөлі» баяндама.  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Байгуланова

2. «Салауатты өмір салтының құрылымы», АҚТБ, есірткі проблемасы және оны алдын алу. Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ф.Тулепова.

3. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу. Құқық бұзушылық үшін ата-аналар мен жасөспірімдердің жауапкершілігі. Қапшағай ҚПБ ЖПҚ ЮПБ-нің аға инспекторы полиция майоры Г.Турлина

4. “Зорлық – зомбылықтың алдын алу. Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі”
 «Профилактика насилия. 
Проблема семьи, школы, общество»Мектеп психологтары: Г.Садирова, А.Нуракбаева

5. 2021-2022 оқу жылының 1-тоқсан қорытындысы. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Каниева.

            Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Байгуланова өз сөзінде кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар туралы, қиын жасөспірімдермен жұмыс істеу нысандары, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін ата-аналардың ғана емес, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың да жауапкершілігі туралы айтты. Ата-аналарға алдын алу бойынша ұсыныстар берді.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық сондай-ақ ата-аналарды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен таныстырды. 

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
       2. Осы Заңның міндеттері:
       1) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету;
       2) құқық бұзушылықтың деңгейін азайту;
       3) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, жою;
       4) бас бостандығынан айыру орындарынан оралған, осыған орай туыстық байланыстарын жоғалтқан, сондай-ақ тұрақты тұратын жері және құжаттары жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту;
       5) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі субъектілерінің және оған қатысушылардың қызметін үйлестіру;
       6) салауатты өмір салтын қалыптастыру, азаматтық құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті тәрбиелеу;
       7) құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету болып табылатындығы туралы айтып өтті.

«Түнгі уақыттағы жасөспірімдер» рейді туралы ата-аналар ескертілді. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың түнгі уақытта көшеде, көңіл көтеретін орындарда заңды тұлғаларынсыз, ата-анасыз жалғыз жүруге болмайтындығы түсіндірілді.

            Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ф.Тулепова өз сөзінде салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулықты нығайтуға, денсаулықты дамытуға және денсаулықты сақтауды қалыптастыруға жәрдемдесу, салауатты өмір сүру салты мен аурулардың алдын алу дағдыларын қалыптастыру қажеттілігін атап өтті. 

Денсаулыққа қауіп-қатердің мінез-құлықтық факторлары: темекі шегу, ішімдікке салыну, есірткі тұтыну, сапасыз және тиімсіз тамақтану, дене тәрбиесі белсенділігінің төмендігі. Денсаулықты арттыру үшін салауатты өмір сүру салтын ұстану және оған жағдай жасау арқылы қалыптастыруға болады деді.

Балалар мен ата-аналарға ақпараттық насихат, қауіп-қатердің мінез-құлықтық факторларының алдын алу жөніндегі ақпараттық-білім материалдарын әзірлеп және оқушылар мен ата-аналар арасында тарату.
 Сондай-ақ балалардың, жасөспірімдердің, жастардың арасында қауіп-қатердің зияны мен салдарлары туралы ақпараттандыру мен алдын алу жұмысына медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен педагогтер кеңінен тартылатындығы туралы айтты.
 Мектептің тәрбие жоспарында салауатты өмір салтын ұстану бойынша көптеген іс-шаралар әзірленіп, әртүрлі формада өткізіледі. Тренинг, семинарлар, мамандардың ақыл-кеңестері, қозғалыс ойындары, спорттық жарыстар, тәрбие сағаттары, флешмобтар, фестивальдер т.с.с. Осындай ауқымды жұмыстар атқару арқылы балалардың, жасөспірімдер мен жастардың арасында темекі шегу, маскүнемдік, есірткіні тұтынудың зияны мен салдарлары туралы ақпараттандыру деңгейі артатындығын атап өтті.

Үшінші сұрақ бойынша Қапшағай ҚПБ ЖПҚ ЮПБ-нің аға инспекторы полиция майоры Г.Турлина өз сөзінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және Құқық бұзушылық үшін ата-аналар мен жасөспірімдердің жауапкершілігі туралы айтты. Аға инспекторы полиция майоры Г.Турлина Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық статистикасы бойынша ақпаратты жеткізді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық мәселелеріне баса назар аударып, Қапшағай қаласында жасөспірімдердің жасаған қылмыстық құқық бұзушылық фактілеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар балаларды сабақтан тыс уақытта, қосымша сабақтарға (үйірмелер, факультативтер, спорт секциялары, спорт залдары) барған кезде бақылау, балалардың әлеуметтік желілерін қадағалап отыру қажеттігі бойынша ұсыныстар берді.

Төртінші мәселе бойынша  мектеп психологтары Г.Садирова,  А.Нуракбаева “Зорлық – зомбылықтың алдын алу», «Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі” тақырыптарында ақпараттандыру бойынша сөз алды.             Бүгінде отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Оның дұрыс еместігін тиек етті. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған. Зорлық-зомбылық –азаматтардың құқығын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына әсер етіп (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу, тағы басқалары. «Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына өзіндік ықпал ететіндігін көрсетеді деді. Өкінішке қарай, түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес. Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күнде айқай-шу болатын үйде зорлық-зомбылықтың болатыны белгілі. «Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі еш уақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетіндер – әйелдер мен жас балалар. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентайларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Дөрекілік, балаға күш көрсету, олардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықты, сайып келгенде қылмысты тудырады. Ол өз-өзіне қол жұмсауға алып  келуі мүмкін екендігін айтып өтті. 

Егер бала агрессиясыз өссін десеңіз:

өз проблемаңызды балаға артпаңыз;

егер ашулы болсаңыз, онымен қарым-қатынастан аулақ болыңыз;

күш көрсету түзеу орнына, бала қарсылығын арттыра түседі;

мәселелерді өзіңіз жеке емес, баламен бірігіп шешіңіз;

егер бала сізбен араласуды қош көрмесе, күшпен көндірмеңіз;

егер қиын жағдай кезінде не істеріңізді білмесеңіз, оны тезірек шешуге тырыспаңыз, асықпай ойланып кірісіңіз- деген кеңестер берілді.

     Бесінші мәселе бойынша  директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Каниева сөз алды. Өз сөзінде 2021-2022 оқу жылындағы 1 тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасына тоқталды. Оқу жылының басында -   1571 оқушы,   1-тоқсанның аяғы – 1563 оқушымен аяқталды. Жалпы білім сапасы- 64,4% пайыз. 

Бастауыш буын 1-4 сыныптарда оқушы саны - 508, білім сапасы-64,8%. Негізгі орта буын  5-9   сыныптарда оқушы саны - 978, білім сапасы-63,7%. Жалпы орта буын 10-11 сыныптарда оқушы саны – 77, білім сапасы - 67,5%

 Сынып жетекшілер  1-тоқсанның    қорытындысы бойынша  үздікке аяқтаған  және  оқуда жақсы тәртіп  көрсеткен оқушылардың ата-аналарына алғыс жарияланды. Пән мұғалімдері  резервтегі оқушылардың  оқуға ынтасын арттыру мақсатында және  білімдегі олқылықтар  бойынша   уақытылы көмек көрсетіледі. Пән мұғалімдері оқушылардың  білім сапасын, сонымен қатар өз пәніне деген қызығушылығын    дамыту, сабақта "қиын" балалармен ынтымақтастық атмосферасын құру, қандай да бір себептермен немесе басқа себептермен біліміндегі олқылықтары бар оқушыларға көмек көрсетілу қажеттілігін атап өтті.

Төмен сапа  көрсеткен    сыныптар 2 «Г»  (57,7%),  4 «В» ( 57,7%),  7 «Ж» (41,4%),    5 «В» (54,2%), 7 «В» (50%) 9 «В» (53,6%) ,9 «Д» (55,6%)  сыныптар мектепішілік бақылауға алынып, білім сапасын арттыру мақсатында қосымша сабақтар ұйымдастырылатындығын айтты.

Төмен сапа көрсеткен сыныптар 2 «Г»  (57,7%),   4 «В» ( 57,7%),  7 «Ж» (41,4%),    5 «В» (54,2%), 7 «В» (50%) 9 «В» (53,6%) ,9 «Д» (55,6%)  негізгі пәндер бойынша  қарашаның  10.11-25.11 аралығында  мониторинг жүргізіледі  (қазақ тілі, математика, жаратылыстану, ағылшын тілі). 

Төмен сапа көрсеткен 5 «В» сыныбына мектеп психологтері: Г.Садирова, А.Нуракбаева   10-25 қараша аралығында оқушылардың ортаға тез бейімделуі мақсатында психопрофилактикалық сабақтар, тренингтер өткізіп, оқушылардың сыныпқа тез бейімделуіне ықпал ету негізінде, пән мұғалімдері тарапынан оқушылармен  эмоционалды жағымды қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау. 7 «В» кадет  сыныбында   төмен сапа берген пән мұғалімдері оқушылардың оқу үлгерімін ескере отырып, сабақ мазмұнына қарай тиімді әдіс-тәсілдер мен стратегияларды қолданылатынын атап өтті.


ШЕШІМІ:

1. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жандандырылып жалғастырылсын. Ата-аналар өз балаларын тәрбиелеу жөнiндегi ата-аналық мiндеттерiн  орындауға мiндеттi (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес) 

2. Жасөспірімдер мен жастардың арасында темекі шегу, маскүнемдік, есірткіні тұтынудың зияны мен салдарлары туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілсін.

3. Балалардың сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімін бақылауды күшейтілсін Кешкі уақытта баланың сабақтан тыс жұмысы мен күнделікті сәттері бақылауға алынсын.

4. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығы, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар екендігі ата-ана, мектеп, қоғам тарапынан ескерілсін. Балаларының әлеуметтік желілерін үнемі бақылауға алынсын.

5. 1 тоқсан қорытындысы бойынша төмен сапа берген оқушылармен қосымша олқылықтарды жою бойынша пән мұғалімдері,  ата-аналар тарапынан сабақтарына қатысып, талдап әдістемелік көмек көрсетілсін. Оқушының сабаққа деген ынтасын көтерсін. 


Мектеп директоры                                                        З.Н.Толендина

Хатшысы                                                                         М.У. Сақтапбергенова






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив